сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 14:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Төлегенім алыс жолға кетті, Бекежаным да алыс жолға түсті": Меруерт Өтекешова аңыз адаммен қоштасу рәсімінде сөз сөйледі

"Төлегенім алыс жолға кетті, Бекежаным да алыс жолға түсті": Меруерт Өтекешова аңыз адаммен  қоштасу рәсімінде сөз сөйледі
"Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды".

Алматыда өтіп жатқан Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімінде «Қыз Жібек» фильмінде Жібек рөлін сомдап, Асанәлі Әшімовпен бір кинода өнер көрсеткен танымал актриса Меруерт Өтекешова сөз сөйледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Todayinfo.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Актриса бұл театр үшін үлкен қайғы екенін атап өтіп, өзінің қимастығын ерекше сөздермен жеткізді.

«Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс жолға кетті. Бірақ, Асанәлі ағамыз жүрегімізде мәңгі қалады. Халық Асанәлі ағамызды ешқашан ұмытпайды. Тірі кезінде ағамыз өнер, отбасыға байланысты қанша кітап шығарды. Біздің жазушылар Асанәлі ағамызға арналған әлі талай кітап шығарады. Ол кісі туралы жазатын дүние әлі көп. Асанәлі ағамыздың ойнаған рөлдері, режиссер ретіндегі еңбегі әлі талай айтылады. Маған Асанәлі ағамыз аға, актер, ұстаз, дос ретінде көп көмек көрсетті. Мен өнер жолын алғаш бастағанда өте жас болдым. Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға бүгіннен бастап алыс жолға кетті. Енді жоғарыда бір-бірімен кездесіп, бізге жұлдыз сияқты қарап, қамқорлығын көрсетеді. Әттең, 1 жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланады. Қалай болса да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды», — дейді актриса.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар