бейсенбі, 27 қараша, 2025 15:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті

Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
Видео: threads.com/@aigulyelemes
«Мен – дәрігермін» деп жауап берген.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астана–Алматы бағытындағы ұшақта өзін жайсыз сезінген бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетті,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жайында Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы жазып, видео жариялаған. Оның айтуынша, таңғы KS 622 рейсі ұшу жолағына бет алған сәтте бір жолаушының жағдайы күрт нашарлаған.

«Стюардесса! Қыздың жағдайы нашарлап кетті, дәрігер керек!» – деген дауыстан кейін салонда абыр-сабыр туған

Сол сәтте бір әйел жолаушы қыздың қасына барып, есін жиғызуға көмектесіп, қан қысымын өлшеген. Қысым өте жоғары болғаны анықталған.

Стюардессалар қажетті заттарды әкеліп, көмектесіп жүргенде, экипаж мүшелері көмек көрсетіп жатқан әйелден кім екенін сұраған. Ол жай ғана:

«Мен – дәрігермін» деп жауап берген.

Дәрігер қызға дәрі беріп, су мен шай ұсынғаннан кейін жолаушы өзін жақсырақ сезініп, ұшуды жалғастыра алатынын айтқан. Ұшақ рейсі тоқтатылмай, сапарын жалғастырды.

Әлеуметтік желі авторы кейіннен көмек көрсеткен дәрігердің Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова екенін білгенін жазды.

Министрлік оқиғаға қатысты түсініктеме берді, факті расталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар