сәрсенбі, 26 қараша, 2025 20:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кім баратыны белгілі болды

Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кім баратыны белгілі болды
РИА Новости
Жаңа бас хатшы Таалатбек Масадықов – қырғыз дипломаты әрі халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметін Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов атқарады. Ол бұл лауазымда қазақстандық Иманғали Тасмағамбетовтің орнын басады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«27 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қазіргі бас хатшы Иманғали Тасмағамбетов қатысады. Ол 1 қаңтардан бастап қызметін аяқтайды. Оның орнына ұйымның бас хатшысының орынбасары, Қырғызстанның өкілі Таалатбек Масадықов тағайындалады», — деді Ушаков.

Саммит барысында Тасмағамбетов халықаралық және өңірлік қауіпсіздік тақырыбында баяндама жасап, ҰҚШҰ-ның бірінші дәрежелі құрмет белгісімен марапатталады.

Тасмағамбетов тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең тәжірибелі мемлекеттік қайраткерлердің бірі саналады. Ол бұған дейін Астана мен Алматы қалаларының әкімі, премьер-министр, қорғаныс министрі және Ресейдегі елші қызметтерін атқарған. 2023 жылдан бері ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымында жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, Тасмағамбетовтің ұйымдағы кейбір мәлімдемелері Қазақстанда сын тудырған. Мәселен, ол биыл көктемде Еуропа елдері Украинаға әскер кіргізсе, ҰҚШҰ Ресейге көмек көрсетуге дайын деп мәлімдеген болатын. Бұл сөз қоғамда «Қазақстандықтарды соғысқа тарту қаупі» деп бағаланған еді. Алайда өзі мұны жоққа шығарған.

Жаңа бас хатшы Таалатбек Масадықов – қырғыз дипломаты әрі халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы. Ол БҰҰ жүйесінде 12 жыл еңбек еткен, 2022 жылы Қырғызстан президентінің арнайы өкілі қызметін атқарған, ал 2024 жылдан бастап ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары болып істеп келеді.

Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Армения былтыр мүшелігін уақытша тоқтатқанымен, ұйымнан ресми түрде шыққан жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар