
Астанада жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада елордадағы ойын-сауық орнының жанында болған жасөспірімдер арасындағы жанжал сәті бейнеленген.
«Бұл жерде үнемі төбелес, түсініспеушілік болады. Жасөспірімдер жиі жиналады», - делінген жазбада.
Оқиғаға қатысты Астана қалалық Полиция департаменті пікір білдірді.
Департаменттің мәліметінше, қазір төбелеске қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Лотерея ұйымдастыру тәртібі өзгерді: блогерге жауапкершілік күшейеді
- авторОймақ
- Бүгін, 13:38