жұма, 27 қараша, 2026 12:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Министрлік Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің проректорына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады

Министрлік Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің проректорына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады
Фото kuldeyev_erzhan в Instagram
Satbayev University лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің проректоры Ержан Күлдеевке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бұған дейін журналист Михаил Козачков Ержан Күлдеевтің Алматыда ұсталғанын және сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті екенін хабарлаған болатын.

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің проректорына қатысты қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп жауап берді Ғылым және жоғары білім министрлігі басылымның сауалына.

Qumash мәліметінше, Satbayev University лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп жатыр.

Университеттің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ержан Күлдеев 2021 жылдан бері басқарма мүшесі – корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор қызметін атқарып келеді. Министрлік оның қызметінен босатылу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бермеген.

Ержан Күлдеев – 2025 жылғы ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы сыйлықтың лауреаты.

Сонымен қатар министрлік Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевке қатысты тергеу жалғасып жатқанын растады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар