бейсенбі, 16 қазан, 2025 19:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"70 жасында анама арнап ақ көйлек тіктірдім": Мәдина Садуақасова анасының мерейтойын қалай атап өтті

"70 жасында анама арнап ақ көйлек тіктірдім": Мәдина Садуақасова анасының мерейтойын қалай атап өтті
Мақпал Жүнісова ақ шапан кигізді.

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова анасының туған күнін ерекше атап өтті. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әншінің айтуынша, анасының туған күнінде әдемі тілектер де, гүлдер мен сыйлық та өте көп болған. Тіпті, сыныптастары мектеп кезіндегі фотосын шығарып әкелген.

– Әнуар бастаған барлық немерелері “Асыл әжем” әнін орындады. Ырысбала сіңлім тойда шашу жасап, жаңа IPhone мен шапанын кигізді. Мақпал апай да аппақ шапан кигізіп, анам той бойы шешпей жүрді. Ата-анама Дубайға жолдама бергенде бәріміз таңғалдық. Осы күнге дейін ол жаққа бармапты. Әкем: “Осы екі бала Дубайға жібермегенде Эмиратты көрмес пе едім” деді. Осы тойға келген, келе алмаған жандарға мың алғыс. Анам мен әкем үйленгенде тойлары болмай, анам ақ көйлек кимепті. 70 жасында анама арнап ақ көйлек тіктірдім. Осындай қуаныш сіздердің үйлеріңізде болсын”, – деп жазды әнші. 

“Ақ шапан әкелгенім дұрыс болыпты. Өзіңізге жараса кетті. Тастамай киіп жүріңіз. 200 мың теңгені Мадинаға бердім. Ұнатқан сақинаңызды сатып аларсыз”, – деді Мақпал Жүнісова. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар