жексенбі, 29 қараша, 2026 10:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда маслихат сайлауы өтіп жатыр

Қазақстанда маслихат сайлауы өтіп жатыр
Фото: gov.kz
Еліміз бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.

Бүгін, 29 қарашада, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Еліміз бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша барлығы 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 101-інде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталса, қалған учаскелер сағат 07:00-де ашылды.

Бұл жолғы сайлауда 228 мәслихаттың депутаттары сайланады. Оның ішінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихат бар.

Жалпы, сайлау нәтижесінде 3 447 депутаттық мандат бөлінеді. Оның 668-і облыстық, 626-сы қалалық, 2 153-і аудандық мәслихаттарға тиесілі.

Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда кейбір учаскелерде жергілікті жағдайға байланысты дауыс беру уақыты өзгеше белгіленуі мүмкін.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар