сейсенбі, 7 қазан, 2025 13:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жұлдыз Сүлейменова ант берді

Жұлдыз Сүлейменова ант берді
Үкімет
Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған Үкіметтің жаңа мүшесі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жігерім мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн», — деді министр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар