Ақтөбе облысында болған жасөспірімнің өліміне қатысты сот үкімі жарияланды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:55
- 28

Ақтөбе облысында Қопа ауылында былтыр қыркүйекте болған жасөспірімнің өліміне қатысты даулы іс бойынша сот үкімі жарияланды.
Тергеу мәліметінше, оқиғаға алты жоғары сынып оқушысы қатысқан. Олар бірнеше рет жанжал шығарып, мектеп оқушыларын ұрып-соғып келген. Қайғылы жағдай сол төбелістердің бірінде болған.
Сот шешімі бойынша, үш оқушы «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып бірнеше рет бұзақылық жасау» бабымен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Қалған үш оқушыға «Денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушiнiң өліміне әкеп соғу» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.