сейсенбі, 7 қазан, 2025 13:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Миы жоқ ессіз есалаң дейсіңдер ме?": Олжас Абай өзін сынап жатқандарға жауап берді

"Миы жоқ ессіз есалаң дейсіңдер ме?": Олжас Абай өзін сынап жатқандарға жауап берді
Олжас Абайдың парақшасынан
Әр нәрсенің соңы болатынын, ешкім жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

Олжас Абай әрдайым басын тік көтеріп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бір семьяны неге бұзасың деген жандарға” айтарым. Оу, ағайын! Өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып мені жерден алып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, “маладес” деп қошемет соғып енді аяқ асты бір жақты ойланатын адамның “қызғанышына” сеніп менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді адамға деген шынайы қарым-қатынасымды жерге таптамаңдар. Некедегі әйелге ажырамай жатып көз салатын мен не басында миы жоқ ессіз есалаң дейсіңдер ме?” – дейді актер.

Олжас Абай басынан біреудің фантазиясын асырып отыра алмайтынын айтты. Әр нәрсенің соңы болатынын, ешкім жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

“Ол адамның “жан жағын кінәләп берген” сұхбаты адам алдында да, ар мен заң алдында да жауабы болады. 15 жылда 25 тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың милионның қошеметіне бөленіп Дариғадай мінезді мықты актрисамен партнер болып жұмыс жасап жетістікке қол созған мен - дәп сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүргем, ары қарай да жүре берем. Актер ұлдарыңыз Олжас Абай” – дейді ол.

Жақында актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, Дариға Бадықова байыған соң өзін тастап кеткенін мәлімдеген еді. Ол сонымен қатар, Дариға Бадықованың Олжас Абаймен арасына күмән келтірген. Кейін Бадықова оның сөзі шындыққа жанаспайтынын айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар