дүйсенбі, 6 қазан, 2025 20:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерхан Қалмырзаға тегін грант берілді

Шерхан Қалмырзаға тегін грант берілді
GOV.KZ
Жас қақпашымен Ғылым және білім министрі кездесті.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті, жас қақпашы Шерхан Қалмырзамен кездесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында министр бұқаралық спорттың ел дамуы мен ұлт денсаулығы үшін маңызын ерекше атап өтті. Сондай-ақ жоғары білім жүйесінің жас буынды қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына зор мән береді. Президент өз сөзінде: «Балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе», – деген болатын. Біз де осы бағытта жастарды барынша қолдап, олардың әлеуетін ашуға және еліміздің халықаралық беделін көтеруге күш салып келеміз, – деді министр.

Саясат Нұрбек спортшылардың тек кәсіби деңгейде жетістікке жетіп қана қоймай, сапалы білім алуы да маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл олардың спорттық мансабынан кейін де өмірдің түрлі салаларында табысты болуына жол ашады.

Шерхан Қалмырзаның көрсеткен тарихи нәтижесі – қазақстандық жастар үшін үлкен үлгі. Оны осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймын және алдағы ойындарда жеңіс тілеймін, – деді ведомство басшысы.

Министр бүгінде талантты жастардың жаңа буынын қалыптастыру үшін берік негіз қаланғанын айтты. Осы қолдаудың бір дәлелі ретінде Шерхан Қалмырзаға ректордың білім гранты табысталды. Бұл шешім жас спортшының еңбегі мен табандылығына берілген лайықты баға болды.

Қазақ спорт және туризм академиясының спорт және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мұхтар Есқалиев те жастардың бастамаларын қолдау – оқу орнының басты қағидаты екенін атап өтті:

Біз әр студент пен спортшының дамуына жағдай жасауға тырысамыз. Академия қабырғасында тәрбиеленіп жатқан әрбір жас өз саласында биіктерді бағындыруға лайық, – деді ол.

Өз кезегінде Шерхан Қалмырза көрсетілген сенім мен қолдау үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта ел футболының өркендеуіне өз үлесін қосуға дайын екенін айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар