
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековті 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Саясат Нұрбек министрлік спортты дамытумен қатар, кәсіби спортшылардың академиялық білім алуына да ерекше мән беретінін, «Қайрат» клубының барлық студент-спортшыларын қолдайтынын атап өтті.
«Бұған дейін министрлік Темірлан Анарбековке (ол үш пенальтиді қайтарды!!!) және Дастан Сатпаевқа Алғыс хаттар табыстаған болатын. Бұл жігіттер «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы үшін бар күш-жігерін салды. Өкінішке қарай, алдағы ойындарға дайындыққа байланысты марапатқа тек Шерхан Қалмырза ғана қатыса алды. Қуана хабарлаймын: біз Темірлан Анарбековты 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық», - деді министр.
Министрлік бұған дейін «Қайраттың» тағы бір қақпашысы Шерхан Қалмырзаға академия ректорлық грантын табыс еткен болатын. Ал жас футболшы Дастан Сатпаевқа Алғыс хат берілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Шерхан Қалмырза Мбаппенің соққысын қайтарып, турдың үздік сәттеріне ілікті
- авторОймақ
- 1 қазан, 2025