бейсенбі, 2 қазан, 2025 10:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жанкүйерлер "Қайрат"-"Реал" матчын толық тамашалай алмады – Нартай Сәрсенғалиев

Жанкүйерлер "Қайрат"-"Реал" матчын толық тамашалай алмады – Нартай Сәрсенғалиев
әлеуметтік желіден
Интернет нашар жұмыс істеген.

Кеше қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен «Қайрат» – «Реал» матчын интернеттің нашар жұмысына байланысты толыққанды тамашалай алмады. Бұл мәселе Мәжіліс кулуарында көтеріліп, депутат Нартай Аралбай «Қазақтелекомның» қызметін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл жерде ең бірінші біздің тұтынушыларымыз монополияның құрбаны болып отыр. Қай тұрғын үй кешенінен пәтер алсаңыз да, сол жерге тек келісімшарт жасалған жалғыз компанияның интернетін орнатуға мәжбүрсіз. Таңдау жоқ. Монополияның салдары – бағаның да реттелмеуі. Қазақтелекомға қатысты да жағдай дәл осындай. Біз интернет дамып жатыр дейміз, бірақ қарапайым бір матчтың көрсетілімін ұйымдастыра алмаса, не айтуға болады?» – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, бұл жағдай тек техникалық ақау емес, азаматтардың тұтынушылық құқығының тікелей бұзылуы.

«Біздің азаматтарымыз тегін ештеңе сұрап отырған жоқ. Олар ай сайын қымбат тарифті төлейді. Ал төлем жасағаннан кейін өзіне қымбатты командасының ойынын көруге құқылы. Бірақ кешегі матчта ол арманы орындалмады», – деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар