Шығын 230 миллион теңге: Алматыда "Boxy Wealth" атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:26
- 17

Алматыда "Boxy Wealth" атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қаржы пирамидасының ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған.
“Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен. Сондай-ақ, жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған”, – делінген агенттік хабарламасында.
1 миллиард теңге шығын келген: "Аяла Голд" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы туыстарын "дроппер" ретінде пайдаланған
Салымшылардан алынған қаражаттар дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін криптовалюта әмияндарына аударылған.
Қазір 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған.
Ал қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы ұсталып, 2 ай мерзімге қамауға алынған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.