бейсенбі, 2 қазан, 2025 10:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұрлан Қоянбаев пен белгілі журналист Әділ Балтабаев арасында дау туды

Нұрлан Қоянбаев пен белгілі журналист Әділ Балтабаев арасында дау туды
Фото: Stan.kz
Әлеуметтік желіде белгілі журналист Әділ Балтабаев Нұрлан Қоянбаевты сынап, көпшіліктің ашуын туғызды.

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойыны аяқталғаннан кейін, "PRESIDENT" арнайы жобасының жүргізушісі Әділ Балтабаев әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Сол жазбасында ол танымал продюсер Нұрлан Қоянбаевтың әзілдерін "орынсыз" деп бағалаған.

Балтабаевтыңсөзінше, блогер Артур Асқарұлы "Қайратты" қолдағаны үшін лайықты мақтауға ие, ал кейбіреулерді Мбаппенің чемоданын талқылап кетті деп сынға алған. Сол сәтте ол Нұрлан Қоянбаевтың әзілдері футболшыларға қатысты бұрыс деп пікір білдірген. 

"Біздің футболшылар кімге қарсы шығып жатқанын түсінеді, сондықтан оларға қатысты бұл әзілдер, соның ішінде Қоянбаевтың әзілі де орынсыз. Жігіттерге осы жерде қолдау керек... Сондықтан алматылық блогерлердің барлығы "Қайраттың" айналасына жиналып, өздерінің миллиондаған аудиториясын клубты қолдауға жіберуі керек", – деп жазды Балтабаев желідегі парақшасында.

Балтабаевтың бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оны қатты сынға алды. Ең басты наразылық оның Нұрлан Қоянбаевты тек фамилиясымен атап, құрметсіздік танытуына қатысты болды.

"Мына жігіттің жазбаларын көргенде құсқым келеді. Аузына келгенін оттайды, осылай қалай журналист болып жұмыс істейді екен?", "Несін ұсақтаймыз, Балтабаевты "отмена" жасайық? Президенттің қасында жүріп, өзіне қатты сеніп кеткен сияқты. Нұрлан Қоянбаев патриот ретінде Сізден әлдеқайда көп нәрсе жасады! Ол мұны сіз де, мен де, сіздің көптеген блогер достарыңыз да тәй-тәй басып жүргенде жасаған!" – деп жазды желі қолданушылары жазбаның астына.

Ал бұған Нұрлан Қоянбаевтың өзі жауап беріп, аты-жөнін дұрыс жазуды сұрады.

"Балтабаев президенттің жанында жүріп құтырып кетіпсіз ғой. "Коянбаев" емес, "Нұрлан Қоянбаев" деп жазбайсыз ба? Патриот болсаңыз қазақша жазып жібермедіңіз ба?" – деп жауа берді продюсер.

Продюсер, бұрынғы жайдарманшы Мәлік Хасенов та өз ойымен бөлісті. Ол Нұрлан Қоянбаевпен 15 жыл бойы бірге ойнағанын, бірақ ешқашан оны тек фамилиясымен атамағанын айтты, өйткені өзі одан 6 жас кіші екен. Сонымен қатар ол бірінші тұлғалардың қасында жүргенде қазақи құрмет кейде ұмытылып кететінін атап өтті. 

Мәлік Хасеновтің сөзінше, Нұрлан Қоянбаевтан артық патриотты ол білмейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар