
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев 1974 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.
2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті.
Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.
І-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.
2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2013 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2021-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет атқарды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Түркістан облысында мал қырылып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс спикері Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасымен кездесті
- авторОймақ
- 24 қыркүйек, 2025