жұма, 26 қыркүйек, 2025 12:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әкім Таразидің пьесасы жаңа қырынан сахналанды

Әкім Таразидің пьесасы жаңа қырынан сахналанды
Фото: gov.kz
Спектакль "Жұмысшы мамандықтары жылына" арналған.

Астана қаласында «Жастар» театры Жұмысшы мамандықтары жылы аясында көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің әйгілі «Жолы болғыш жігіт» пьесасын жаңа қырынан сахналады, – деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Aikyn.kz.

Туындының жазылғанына жарты ғасыр өтсе де, көтерген мәселелері – бюрократия, жаңашылдықты қабылдамау, еркін ойлы жастардың шетелге кетуі бүгін де өзекті.

Қойылымның қоюшы режиссері, Мәдениет саласының үздігі Нұрфат Уахитов пьесаның түпнұсқа тілін сақтай отырып, қазіргі заманға лайық өзгерістер енгізгенін айтты. Спектакльде ел ішінде «Асау Бөкен» атанған жалынды жас Танаш Ысқақов ауылды өркендету үшін жаңа бастама көтергенімен, жоғарыдағы шенеуніктердің қарсылығына тап болады. Бұл арқылы режиссер бүгінгі жастардың идеялары қолдау таппай, шетел асуға мәжбүр болып отырғанын жеткізгісі келген.

Пьесаның жаңа қойылымы Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы идеясымен үндесіп, «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына сай сахналанды, - делінген қалалық әкімдік ақпаратында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар