Қоғам
Мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты
- авторОймақ
- Бүгін, 14:37
- 14

Алматы облысында "Сокол" саяжай қоғамының аумағында балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты.
Видеода оқушылардың рюкзактарымен автобустан асығыс шығып кеткені көрінеді. Жерде екі адамның жатқаны, балалардың айқайлағаны естіледі.
Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушы жоқ.
Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала