жексенбі, 7 қыркүйек, 2025 16:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Талғардағы атыс: бір адамды атып, қызын ұрлап кеткен

Талғардағы атыс: бір адамды атып, қызын ұрлап кеткен
ашық дереккөз
Арнайы жасақ қызметкерлері қызды құтқарып қалды.

Талғарда көлік жөндеу орталығында жұмыс істейтін жігіт бір адамды атып өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қанды қылмыс тапа-тал түсте болған. 

Адвокат Гауһар Сариеваның айтуына қарағанда,  бір ай бұрын әпкесін зорлады деп айыпталған СТО қызметкері күдікке ілініп отыр.

Алайда полицияның бұл іс бойынша ешқандай шара қолданбағанын да мәлімдеді. 

Кеше адвокат күдіктіні ұстап алып, полицияға тапсырған. Бірақ келесі күні оны босатып жіберген.

Қамаудан босаған ер адам Сариеваның әпкесін қорқытып, өміріне қауіп төндірген.

Сол күні кешке күдікті жәбірленушінің ағасының үйіне барып, оны атып өлтіріп, екі жасар қызын алып кеткен.

Полицияның мәлімдеуінше, арнайы жасақ қызметкерлері сәбиді құтқарып алған, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция қызметкерлері күдіктінің артына түсіп, оны ұстау әрекеттерін жасауда. 

Оқиға Ішкі істер министрінің жеке қадағалауыа алып, кішкентай қызды құтқарып қалды. Күдікті қолға түсті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар