
Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады. Бұл жайында ол өзінің әлеуметтік желідегі парағында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Иә, кеше жол апаты болды. Сарыағашқа бара жатқан жолда жоғары жылдамдықпен келе жатып, бір көлікпен соқтығысып қалдық. Екі көлік те трассадан шығып кетті. Дегенмен, ең бастысы – бәріміз дін аманбыз, ешкім зардап шеккен жоқ. Соған шүкіршілік еттік», – деді ол.
Әншінің айтуынша, ол бұл ақпаратты көпшілікті дүрліктіру үшін емес, жолда жүрген жолаушыларға сақ болу керегін ескерту мақсатында жариялаған.
«Желіге тек “жүргенде абай болыңыздаршы” деген оймен салған едім. Хабарласып, тілектестігін білдіріп жатқан жандарға алғыс айтамын. Аман болайық», – деді Майғазиев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгілі әнші Дженнифер Лопес қазақстандық скрипкашының видеосын жариялады
- авторОймақ
- 26 тамыз, 2025