дүйсенбі, 1 қыркүйек, 2025 15:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенат депутаты мешітте азан шақырып, қызының есімін қойды

Сенат депутаты мешітте азан шақырып, қызының есімін қойды
instagram.com/gennadiishipovskikh/
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

Сенат депутаты Геннадий Шиповских әлеуметтік желідегі парақшасында отбасында болып жатқан қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін біздің отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жексенбі күнгі шуақты таңды пайдаланып, мешітке барып, ислам дінінің дәстүрі бойынша екінші қызымызға есімін қойдық. Азан шақырып, сәбиіміздің атын Геннадийқызы Адель деп қойдық», – деп жазды ол.

Депутат ат қою рәсімінің сәбиге берілетін алғашқы батасы, өміріне бағыт-бағдар беретін маңызды сәт екенін айтады.

«Балаға қойылған есім оның болашағына, тағдырына ізгі ықпал етеді деп сенеміз. Алла Тағала қызымызға иманды, мейірімді, парасатты болуды нәсіп етсін», – дейді Геннадий Шиповских.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар