бейсенбі, 28 тамыз, 2025 15:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстауда дәрігердің әрекеті дау туғызып жатыр

Маңғыстауда дәрігердің әрекеті дау туғызып жатыр
фото: скрин
Жаңаөзен тұрғыны Қаныбек Құлжанов бір ай бұрын жүрек ауруымен ауруханаға түскен.

Маңғыстау облысында дәрігердің әрекеті үлкен дау туғызды. Ол ота кезінде науқастың ағзасын зақымдап, медициналық көмек көрсету кезінде қылмыс жасады деген күдікпен тергеуге алынды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзен тұрғыны Қаныбек Құлжанов бір ай бұрын жүрек ауруымен ауруханаға түскен. Жоспарлы ота жасалғанымен, науқастың туыстары бес күн бойы онымен кездесе алмаған. Кейін оның жұбайы Роза Дыбысова дәрігерлердің әрекетіне күмән келтіре бастағанын айтады.

Роза Дыбысованың сөзінше, аурухана қызметкерлері бастапқыда науқастың жағдайын жасырған. Кейін реаниматологтың жиналыстағы әңгімесінен күмәнді деректер белгілі болған. Әйелдің қолына тиген құпия аудио жазбада дәрігерлердің науқасқа қастандық жасалғанын мойындаған сөздері бар екен.

«Негізі қасақана адам өлтіру мақсатында. «Көп болса Маңғыстаудың бір адамы өледі. Несіне қиналасың» деген сөз бар. Бұл жазба бізде сақтаулы», – дейді Роза Дыбысова.

Қазір 56 жастағы науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаеваның мәліметінше, оқиғаға байланысты ҚР ҚК 317-бабы, 2-бөлігі («Медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетпеу, абайсызда ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Кінәлі адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады», – деді департамент өкілі.

Ал науқастың туыстары дәрігердің әрекеті «қасақана адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қаралуы керек деп талап етуде.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар