бейсенбі, 28 тамыз, 2025 15:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістанда мал бағуға кеткен азамат жоғалып кетті

Түркістанда мал бағуға кеткен азамат жоғалып кетті
скриншот
Табылмай жатқанына бір ай болыпты.

Түркістан облысында қой айдауға кеткен 38 жастағы Мақсат Атабаев іс-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Информбюроға сілтеме жасап.

Табылмай жатқанына бір ай уақыт болған азаматтың анасы ұлын біреулер құлдықта ұстап отыр деп күдіктенеді. 

25 күннен бері ұлын телміре күткен Ұлжан Жәнібекованың айтуынша, баласы Жетісайдан Шардараға қой айдауға кеттім деп сол күйі үйге оралмаған.

«Көлікке мінген. Ол үйге қайтамын деген. Үйге қайтпай біреу алып кеткен сияқты. Сонымен әлі жоқ. Әкеліп салса сүйіншісі бар ғой. Қашан келеді деп күніге жолына қарап, түнде терезе тықыр етсе, балам келіп қалды ма деп елеңдеймін», – дейді Ұлжан Жәнібекова.

Мақсат үйленбеген, анасымен бірге тұрады. Ол осы уақытқа дейін әркімге бір жалданып, жұмыс істеген. Жақындарының айтуынша, азаматтың кез келген қара жұмысқа икемі бар. Сондықтан оны құлдықта ұстап отыр деп күдіктенеді. Бұған Мақсаттың досының қатысы бар деп ойлайды.

«Менің інім қасындағы досына қой айдауға көмектесуге шыққан. Олар екі күн далада түнейді. Үшінші күні менің інім қырықжылдыққа бармаймын деп Датқа ауылында қалады. Қалтасына ақша да салмай жіберген. Мүмкін таныстары оны «ана жігітті алып кете салыңдар» деп біреуге жол сілтеп жібере салуы мүмкін. Мүмкін ол басқа машинаға мініп кетуі мүмкін. Не де болса, құлдыққа кетіп тұр ғой», – дейді Мақсаттың әпкесі Айжан Атабаева.

Жақындары азаматты барлық жерден іздеген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар