Болат Өтемұратов қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 680 миллион теңге көмек берді
- авторОймақ
- 1 сәуір, 2024
- 779
Болат Өтемұратов атындағы қор табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен қазақстандықтарға жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді, – деп атап өтті қор басшылығы.
«Бұл күндері біз миллиондаған отандастарымыз сияқты су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына, дүние-мүлкінен айырылған адамдарға көңіл айтамыз. Бөлінген қаражат оларға ең бірінші қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндік беріп, қиын күндерден аман өтуіне септігін тигізеді деп сенеміз», - дейді ұйым директоры Марат Айтмағамбетов.
Алты жыл ішінде «Анықтама картасы» жобасы аясында тұрақты түрде қаржылық қолдау көрсетілді. 16,4 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді деп хабарлайды қор.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.