жұма, 22 қараша, 2024 13:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Астана Моторс» су тасқынынан зардап шеккендерге 500 миллион теңге жіберді

«Астана Моторс» су тасқынынан зардап шеккендерге 500 миллион теңге жіберді
Фото: ТЖМ
Қаражат «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорының шотына аударылды.

«Астана Моторс» компаниясы су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек ретінде 500 миллион теңге аударды.

Серіктестіктің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов:

«Біз барлығымыз не болып жатқанын жақсы түсінеміз және табиғи апаттың кесірінен кенеттен баспанасынан, дүние-мүлкінен және күнкөріс көздерінен айырылған отандастарымызға жанашырлықпен қараймыз. Біз зардап шеккен аймақтардағы қалыпты өмірді қалпына келтіру үшін 500 миллион теңге бөлуді ұйғардық. Төзімділік, шыдамдылық және өзара көмек су тасқынының салдарын еңсеруге көмектеседі» деді.

Қаражат «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорының шотына аударылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар