жұма, 22 қараша, 2024 15:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ПАРАЛИМПИАДА-2024: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҚОРЖЫНЫНДА 11 ЖОЛДАМА БАР

ПАРАЛИМПИАДА-2024: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҚОРЖЫНЫНДА 11 ЖОЛДАМА БАР
фото СТМ
ПАРАЛИМПИАДА-2024: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҚОРЖЫНЫНДА 11 ЖОЛДАМА БАР



2024 жылғы 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) XVII Паралимпия ойындары өтеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап. 

Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Осы уақытқа дейін паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алды: отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1.

Сонымен қатар биыл Паралимпиадаға лицензия беретін 23 спорттық іс-шара жоспарланған.

Айта кету керек, Токио-2020 Паралимпиадасына Қазақстан ұлттық құрамасының 25 спортшысы қатысып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) ұтып алған. Еліміз жалпыкомандалық есепте 48-орында тұр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар