жұма, 25 шілде, 2025 18:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алакөл маңында жер сілкінді

Алакөл маңында жер сілкінді
istockphoto.com
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,7 құрады.

Жетісу облысында Алакөл көліне жақын маңда жер сілкінді, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 3,8 жер сілкінісі шілденің 24-і күні Астана уақыты бойынша 08:47-де Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым қашықтықта тіркелді.

Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,7 құрады.

Еске сала кетейік, 23 шілдеде Қазақстанның шығысында жер сілкінді. Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 4 балдық жерасты дүмпулерін сезді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар