жұма, 25 шілде, 2025 18:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бес банк жалғызбасты анамен соттасты

Бес банк жалғызбасты анамен соттасты
фото: ашық дереккөз
Сот шешіміне екі кредитор банк шағым түсірген.

Бес банк Таразда жалғызбасты анамен соттасты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы сот мәліметінше, әйел балалардың әкесімен ресми некеде емес, ЖШС-де оператор болып жұмыс істейді. 220 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бұл ретте оның ай сайынғы несие бойынша төлемдері 395 мың теңгені құрап, табысынан едәуір асып түскен. Сонымен қатар, ол отбасы шығындарын төлейді. Сотқа жүгінген кезде көп балалы ана төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді сұраған. Талап қоюында ол несиелік жүктеменің шамадан тыс екенін көрсетіп, ай сайынғы төлемдерді азайта отырып, қарызды өтеу мерзімін 60 айға дейін ұзартуды сұраған.

Бес кредитордың төртеуі талап қоюды қанағаттандыруға қарсы болған. Алайда Тараз қалалық соты талап қоюшының уәждері іс материалдарымен толықтай расталған, оның әрекетінде арам пиғылдың белгілері жоқ деген қорытындыға келген. Сот талап қоюды қанағаттандырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолданды, оған сәйкес қарыз 5 жыл бойы ай сайын өтеледі, – деп хабарлады Жоғарғы соттан.

Сот шешіміне екі кредитор банк шағым түсірген. Алайда Жамбыл облыстық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар