Қара бетперде киген жігіт тағы да бір ананы қуантты.
Бұл жолғы пәтер 3 баланың анасына бұйырды. Ол үш баласымен жалдамалы пәтерде тұрады. 14 жылдан бері еден жуып келеді.
"Жұмысқа түнгі сағат 02:30-да келемін, содан түскі 12-ге дейін жұмыс істеймін. Қызым ми ісігі ауруына шалдықты, химиотерапия алып жүрміз. Жалдамалы пәтерде тұрамыз. Газ, су, туалет жоқ. Еден жуып шаршадым, ұйқым қанбайды, көз жасымды қызыма көрсетпеймін", – дейді әйел.
"Жақындарымыздың бірі ауырғанда бір ғажап сәтті күтеміз ғой. Сол сәт бүгін туды" деген бетперделі жігіт үш балалы анаға жаңа үйдің кілтін берді. Тіпті қызын емдету үшін қаражат та бөлген. Ми ісігі ауруына шалдыққан қызын енді Түркияда емдете алады. Мұндай сәтті күтпеген ана қуаныштан көз жасына ерік берген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.