Куәгер Әбіл Нұрқайдардан жауап алғаннан кейін Бишімбаев шақырылды. Ол кешірім күтпейтінін айтты. Ол Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады. Бірақ өзінің қасақана кісі өлтіру бойынша кінәсін мойындамайтынын жеткізді.
Салтанат Нүкенованың анасы Бишімбаевқа: "Ерекше қатыгез емес пе? Мен қызымды көрмедім, маған оның бетін көрсетпеді. Сіз оны бірнеше сағат өлтірдіңіз. Әдейі емес пе? Сіз оны сегіз сағат бойы өлтірдіңіз ғой", - деп айғайлады.
Бишімбаев: "Мені жек көріп, қарғауға да болады. Мен Алла Тағаланың алдында жауап беруге дайынмын. Мен Салтанатты жақсы көрдім. Мұндай мағынасыз әрекетке баруды жоспарлаған жоқпын. Бұл жерде ешқандай қасақана немесе ерекше қатыгездік болған жоқ", - деп жауап қайырды.
Сот Салтанаттың анасына ескерту жасады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.