жексенбі, 15 маусым, 2025 0:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дзюдодан әлем чемпионаты: жарыс жеңіспен басталды

Дзюдодан әлем чемпионаты: жарыс жеңіспен басталды
Фото: Абиба Абужақынова. Фото: t.me/kazjudoteam
Бүгін Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Алғашқы болып татамиге шыққан қазақ спортшылары – Абиба Абужақынова мен Мағжан Шамшадин жарысты жеңіспен бастады.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мағжан Шамшадин алғашқы айналымда америкалық Дэвид Тераоны жеңді. Оның келесі қарсыласы – испаниялық Францизко Гаригос.

48 келіге дейінгі салмақта сына түскен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Абужақынова қосымша уақытта "юко" әдісін жасап, ресейлік Марина Воробьевадан айласын асырды.

Өкінішке қарай, дәл осы салмақта өнер көрсететін тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева әлем чемпионатын бірінші айналымнан аяқтады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар