Ақмарал Әлназарова Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балаларға қатысты түсінік берді
- авторОймақ
- 3 қараша, 2026
- 293
— Осы жағдай бойынша бірден Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжановпен байланысқа шықтық. Балалардың денсаулық жағдайын біздің ведомство бақылауда ұстап тұр. Олардың алып жатқан ем-домы еліміздің хаттамасына сәйкес келеді. Қазір спортшылардың жағдайы тұрақты. Бүгін вице-министр онлайн режимде конференция өткізіп, әр баланың денсаулығына қатысты ақпарат алды, — деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, дәл қазір жас спортшыларды Қазақстанға тасымалдау мәселесі көтеріліп жатқан жоқ, деп хабарлады Қазақпарат.
— Бұл мәселесе көтерілсе, бұған дайынбыз. Осы ақпарат шыққан бойда, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы ауруханаларда тиісті орын жасақталған еді. Қажет дәрі-дәрмек пен дәрігерлер де бар. Балалар тамақтан уланған. Бұған қатысты көрші елде қосымша зерттеу жүріп жатыр. Қазір балалардың өміріне ешқандай қауіп жоқ, — деді министр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Президент «QazaqGaz» басшысы Әлібек Жамауовты қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- авторОймақ
- 14 қараша, 2026






