сенбі, 14 маусым, 2025 10:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді": ҚазҰУ ғалымы инсультті ерте анықтаудың әдісін ойлап тапты

"Дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді": ҚазҰУ ғалымы инсультті ерте анықтаудың әдісін ойлап тапты
Фото: pexels.com
ҚазҰУ-дың жас ғалымы инсультті ерте анықтаудың әдісін ойлап тапты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымы Ажар Тұрсынова адам өміріне қауіп төндіретін инсультті ерте анықтаудың жаңа кешенді жүйесін дайындаған.

Аталған ғылыми әдіс жасанды интеллект көмегімен жүргізіледі. Оқу ордасының зерттеушісі әзірлеген ғылыми жоба инсультті ерте болжауға, медициналық шешімдер қабылдауды жеделдетуге көмектеседі. Нәтижесінде адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.

"Инсульт – денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселе. Қазіргі әдістер көп уақыт пен күшті талап етеді. Біздің жүйе жасанды интеллект арқылы КТ мен МРТ кескіндерін тез әрі дәл талдауға көмектеседі. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, инсультті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді", - дейді зерттеуші Ажар Тұрсынова.

Жас ғалым жобасына патент алған, енді оны қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар