бейсенбі, 12 маусым, 2025 22:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жәмила Бақбергенова көш бастады

Жәмила Бақбергенова көш бастады
фото: ашық дереккөз
Ол әлемдік рейтингтегі бірінгі орнын сақтап қалды.

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингінде өз салмағында көш басындағы орнын сақтап қалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова 2025 жылғы Аммандағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, 10 000 ұпайға ие болған еді. Осылайша, 51 000 ұпаймен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысындағы орнын сақтап қалды.

Екінші орынға 45 000 ұпаймен жапониялық Ами Иши орналасқан. Үшінші орынға Моңғолия өкілі Болортунгалаг Зоригт жайғасқан, оның қоржынында 34 700 ұпай бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар