бейсенбі, 12 маусым, 2025 23:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан мен Иран сенаторлары парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады

Қазақстан мен Иран сенаторлары парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады
фото сенат
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Иран Ислам Республикасы Мәжілісі депутаттарының делегациясымен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарымен бірге парламентаралық диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылым мен логистика жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Иран Қазақстанның Каспий маңы өңіріндегі сенімді және стратегиялық маңызды әріптесі екенін атап өтті. Ол қазақстандық тараптың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін айта келіп, парламентаралық диалогты дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан Иранмен тығыз қарым-қатынасты әрқашан жоғары бағалайды және өзара тиімді және ұзақ мерзімді әріптестікті одан әрі нығайтуға ұмтылады. Біздің елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап жоғары деңгейде тұрақты саяси диалог қалыптасты. Заң шығару саласында тәжірибе алмасу және парламенттердің құзыретіне кіретін өзекті мәселелерді шешуде достық топтарының әлеуетін кеңірек пайдалану маңызды. Біз парламентаралық өзара іс-қимылды іс жүзінде жалғастыруға ерекше мән береміз», - деді сенатор.

Ираннан келген парламентшілер өз кезегінде Қазақстанмен барлық деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызына тоқтала келіп, екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар