Былтыр алимент өндіріп алу туралы 326 328 атқарушылық іс жүргізілген. Оның 16 197-сі күрделі өндірістер болды.
"Олар бойынша берешек сомасы 20,7 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері алимент өндіріп алу туралы 291 392 атқарушылық іс жүргізу атқарылып отыр. Оның 12 345-і – күрделі өндірістер. 7 323 алимент бойынша 3 айдан астам берешек ерікті түрде ішінара өтеледі, ал 4 689 алимент бойынша берешек мүлде өтелмейді. Берешек сомасы – 14,6 млрд теңгеге тең. Алимент өндірісінің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі – 2 579 (1 млрд 943 млн теңге), Астана қаласында – 1 802 (1 млрд 877 млн теңге), Алматы қаласында – 1 145 (528 млн теңге)", - деді спикер ведомствоның кезекті баспасөз конференциясында.
Ал Түркістан облысында – 806 іс (2 млрд 185 млн теңге), Шымкент қаласында – 728 іс (1 млрд 290 млн теңге), Қарағанды облысында – 592 іс (904 млн теңге).
Ең аз күрделі алимент өндірістері Ұлытау, Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024