сенбі, 23 қараша, 2024 0:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақ футбол клубы қызметкерлеріне жарты миллиард теңге қарыз болған

Қазақ футбол клубы қызметкерлеріне жарты миллиард теңге қарыз болған
©pixabay.com
«Оқжетпес» ФК жарты миллиардқа жуық қарыз екен.

 

«Оқжетпес» ФК қызметкерлеріне жарты миллиардқа жуық қарыз екен. Бұл дерек прокуратура тексерісінен кейін мәлім болды. 

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, департамент облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Оқжетпес» клубының жалпы сомасы 425 миллион теңге қарызы бар екенін анықтады (бұл - 160 қызметкердің ақшасы). Қадағалаушы органның араласуынан кейін Оқжетпес ұжымға ақша төлеуге асыққан.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге берешегі толық өтелді, кінәлілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады прокуратура.

«Оқжетпес» клубы 1968 жылы Көкшетауда құрылған, қазір ұлттық премьер-лигада өнер көрсетеді.Турнир кестесі бойынша 12-орында тұр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар