бейсенбі, 24 сәуір, 2025 12:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызғалдақпен суретке түсем деп, басы дауға қалды

Қызғалдақпен суретке түсем деп, басы дауға қалды
okg.kz
Ол суретті әлеуметтік желілерде жариялаған.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева қызғалдақ ұстап суретке түсіп, басы дауға қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

"КТК" арнасы мәліметінше, ол суретті әлеуметтік желілерде жариялаған, бұл көпшіліктің наразылығын тудырған.

"Халық билік өкілі мемлекет қорғайтын гүлдерді неге жұлғанын түсіндіруді талап еткен. Шенеуніктің өзі қызғалдақтарды табиғатта демалып жүрген кезде қызы бергенін және айналасында оларды жұлып алуға болмайтыны туралы ешқандай белгі болмағанын айтқан", - деп жазылған материалда.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметінше, әкім гүлдерді өзі жұлғаны туралы тікелей дәлел жоқ.

"Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз", - деп түсіндірді полиция.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар