Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады, – деп жазды өз TELEGRAM арнасында.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды
Ұқсас жаңалықтар
Президент «Самұрық-Қазына» қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
- авторОймақ
- 2 желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады
- авторОймақ
- 1 желтоқсан, 2025






