сейсенбі, 15 сәуір, 2025 0:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нариман Құрбанов қола жүлдегер атанды

Нариман Құрбанов қола жүлдегер атанды
olympic.kz
Хорватияда әлем кубогы өтіп жатыр

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14,233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Н. Құрбанов әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады.

Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14,633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды – 14,400 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасы бойынша үшінші орын алған болатын. Ол 13 сәуірде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында өнер көрсетеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар