сейсенбі, 15 сәуір, 2025 0:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

LRT жобасы биыл қыркүйек айында іске қосылады

LRT жобасы биыл қыркүйек айында іске қосылады
ашық дереккөз
Алғашқы уақытта сынақ мерзімінен өтеді.

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы биыл қыркүйек айында іске қосылады. Бұл туралы CTS ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба туралы ақпарат Премьер-Министр Олжас Бектеновтің елорданың инфрақұрылымдық жобаларын тексеру сапары барысында айтылды. CTS басшысының айтуынша, қазіргі уақытта LRT жүйесі GoA4 халықаралық стандартына сай келетін сынақ кезеңінен өтуде. Алдағы уақытта жолаушысыз пойыздарды тестілік режимде іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Премьер-Министрге LRT бойындағы аумақты абаттандыру жобасы таныстырылды. Әуежайдан Рысқұлов көшесіне дейін ірі ағаштар мен көпжылдық бұталар отырғызылып, автоматты суару жүйесін орнату жоспарланған. Қабанбай батыр даңғылы бойымен Сығанақ көшесіне дейінгі аумақ балалар және спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары қоғамдық кеңістіктерге бөлінген. Әрі қарай жолаушылар ағыны белсенді 2-теміржол вокзалына дейін кең автотұрақтар, велосипедке арналған жолдар жасалып, көгалдандыру қарастырылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар