жексенбі, 13 сәуір, 2025 5:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Qnet" қаржы пирамидасы: үкім шықты

"Qnet" қаржы пирамидасы: үкім шықты
Сурет: Liter.kz
Тергеуді Қаржы мониторинг агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізген.

"Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы тергеу жұмыстарын Қаржы мониторинг агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізген.

“Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған. Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”,  – делінген ҚМА хабарламасында.

Ал сот шешімімен кінәлі тұлғалардан 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар