жексенбі, 13 сәуір, 2025 6:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үш жасар бала Президенттен алғыс алды

Үш жасар бала Президенттен алғыс алды
фото: скрин
Атыраулық үш жасар Дінмұхаммед қоқыс жинап, өзгеге үлгі көрсетті.

Атыраулық үш жасар Дінмұхаммед Ораза айт мейрамынан кейін жердегі қоқысты өз бетінше жинап, көпшілікке үлгі көрсетті.

Оның өз еркімен қоқысты жинап, шашқан адамдарға ашуланған видеосы әлеуметтік желіге тарап, көпшіліктің ықыласына бөленген. Нәтижесінде билік өкілдерінің назарын аударып, Президенттен алғыс алды.

“Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен жүздесті. Бүлдіршіннің қаладағы Атырау ықшамауданындағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы әлеуметтік желіде кең тараған.Облыс әкімі Дінмұхаммедтің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, рақметін айтты. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың Мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады”, –  делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрошевтің айтуынша, тұрғындардың бірі ұлын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

“Біз өзіміздің ықшамауданда Ораза айт мейрамын кең көлемде тойладық. Ұлымыздың әрекеті бүкіл елдің ықыласына бөленеді деп ойламадық. Оның тілі кеш шықты, сосын балабақшаға бердік. Сол жақтан үйренгені де бар шығар. Өз отбасымызда да тазалыққа мән береміз, сенбіліктерден қалмаймыз. Мен өз ұлымның елдің патриоты боп ер жеткенін қалаймын”, –  дейді батыл ұлдың әкесі.

Кейін облыс әкімі Дінмұхаммедке ескерткіш сыйлықтар тапсырып, ата-анасына алғыс айтқан. Сыйлықтардың ішінде велосипед те бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар