
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Бишімбаев пен оның бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманмен арадағы алимент дауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Адвокаттың мәліметінше, Бишімбаев алимент төлеуден бас тартпаған, тек қазіргі қаржылық жағдайына байланысты алимент мөлшерін қайта қарауды сұрап отыр.
Қуандық Бишімбаевтың қазіргі уақытта тұрақты табыс көзі жоқ. Сондықтан Қазақстан заңнамасына сәйкес, материалдық жағдай өзгерген жағдайда алимент туралы келісімдер қайта қаралуы мүмкін, – дейді Ғазымжанов.
Сонымен қатар адвокат Бишімбаевтың ата-анасы ұзақ уақыт бойы өз еркімен алимент төлеп келгенін, бірақ кейін көмектің мөлшерін өзгерткенін айтты. Ол мұны Назым Қаһарман тарапынан айтылған қорлайтын сөздермен және немерелермен қарым-қатынасқа кедергі келтірумен байланыстырды.
Әлеуметтік желіде Бишімбаевтар отбасына бағытталған жүйелі шабуылдардан кейін, олар тек өз мүмкіндіктеріне сай көмек көрсетуді шешті, – деп жазды адвокат.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.