
Теміртауда зейнеткерді соққыға жықты деп күдікке ілінген 9 адам, оның ішінде 7 жасөспірім 2 айға қамауға алынған.
Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасымәлімдеді.
Теміртауда зейнеткерге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекет фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
"Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Теміртау қалалық соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Бұлтартпау шарасының ең қатаң түрінің таңдалуына қылмыстың ауырлығы негіз болды. Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап туындайтынын атап өту қажет", - делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.