
Әлемдік деңгейдегі поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес 1 тамыз күні «Up All Night» атты әлемдік туры аясында Астанадағы «Астана Арена» стадионында концерт қояды. Бұл жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.
Тур 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 ірі қаласын қамтиды, олардың қатарында Анталия, Ыстамбұл, Мадрид, Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Абу-Даби және тағы басқа қалалар бар.
Бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мұндай ауқымды мәдени іс-шараларды елімізде тұрақты өткізу қажет екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі тартымдылығын арттырып, туризмді дамытуға ықпал етеді.
- Әлемдегі барлық халықаралық JLovers-қа! Бұл жазда мен бірнеше арнаулы концертімді өткіземін🤍 Сіздермен қайта қауышуға асықпын. Көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады! – деп жазды әншінің өзі әлеуметтік желідегі парағына.
Концертке байланысты «Astana Venue Management» компаниясының бас директоры Мәлік Хасенов шетелден 15 000-нан астам турист келеді деп күтетінін жеткізді. Оның болжамынша, бұл іс-шара Астана қаласының экономикасына 6,5 миллиард теңге (шамамен 12,3 миллион АҚШ доллары) көлемінде үлес қосады. Сонымен қатар концерттен түсетін тікелей салық түсімі 400 миллион теңгеден (761 700 АҚШ долларынан) асады.
"Бұл концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтеміз. Бұл іс-шара қаланың экономикасына айтарлықтай серпін беріп, HoReCa секторы (қонақүйлер, мейрамханалар мен кейтеринг қызметтері) үшін 6,5 миллиард теңге көлемінде пайда әкелмек. Сонымен қатар концерттің өзі 400 миллион теңгеден астам тікелей салық түсімін қамтамасыз етеді", – деп атап өтті ол.
«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов та бұл концерт қаланың халықаралық имиджін нығайтып, туризм мен шағын бизнестің дамуына серпін беретініне сенімді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық шығармаларының тұсаукесеріне қатысты
- авторОймақ
- 11 сәуір, 2025