
Делегация құрамында басқарма басшысының орынбасары Антон Рыбаков, басқарма референті Алексей Власов бар.
Құрметті қонақтарды ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қарсы алып, оқу ордасының жетістіктерімен таныстырды. Алдымен Ресейден келген меймандар ҚазҰУмузейінде болып, университеттің тарихы туралы мәлімет алды.
Кейін делегация мүшелері география және табиғатты пайдалану факультетіндегі «Қашықтықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасын көрді. Мұндағы ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық мониторингке, табиғи ресурстарды басқаруға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған. Орталық Азия аумағында құрғақшылық, жердің деградациясы және су тапшылығы сынды мәселелерді шешу үшін зертхана мамандары дрондардың көмегімен спутниктік деректерді жинақтап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар Антон Рыбаков пен Алексей Власов ҚазҰУ базасында орнатылған Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютердің қызметімен танысты. Суперкомпьютер кластері ІТжәне жасанды интеллект саласында білікті мамандарды даярлауға жол ашады. Суперкомпьютердің өнімділігі – 2000 терафлопс. Әлемдегі үздік 600 суперкомпьютердің бірі. Архитектурасы Intel Xeon 6330N компаниясының 400-ден астам серверлік процессорынан тұрады.
ҚазҰУ-ға жұмыс сапары барысында Ресейден келген қонақтар Фараби кітапханасы мен жаңадан бой көтерген «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығын аралап көрді. Мұнда делегация мүшелеріне ҚазҰУғалымдары әзірлеген инновациялық жобалар көрсетілді.
Сондай-ақ Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығының, Ми институтының, Сот сараптамалары орталығының, Өндірістік робототехника және роботтандыру бойынша инженерлік компетенция орталығының, білім ордасының биология, химия, физика салаларындағы ғылыми нәтижелері баяндалды.
Қарагөз Серікқызы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң баспагерлік, редакторлық
және дизайнерлік
өнер кафедрасының оқытушысы
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Абай облысында полициейлер бір азаматты аман алып қалды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақ тарихының сан ғасырлық тарихи мұрасы туралы кітап жарық көрді
- авторОймақ
- 3 сәуір, 2025