дүйсенбі, 7 сәуір, 2025 22:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абай облысында полицейлер бір азаматты аман алып қалды

Абай облысында полицейлер бір  азаматты аман алып қалды
Polisia.kz
Ол көпірден секірмек болған.

4 сәуір күні Абай облысында патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған 25 жастағы азаматты аман алып қалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлер көпір үстінде бір жігіттің секіруге оқталғанын байқап, дереу полицияға хабар берген.

Polisia.kz дерегінше, оқиға орнына жеткен полицейлер Нұржан Оралтаев пен Нұрсұлтан Айып азаматпен тілдесіп, назарын басқа жаққа бұрып, әрекетке көшуге мүмкіндік бермеген. Осы сәтте басқа қызметкерлер жол қозғалысын бақылауға алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

 

Полиция қызметкерлері ер адамды қолынан ұстап, қауіпсіз аймаққа алып шықты. Жедел әрекеттің нәтижесінде азамат аман қалды. Ол медициналық мекемеге жеткізілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар