Сарыағаштағы медресе-колледжін мемлекет есебінен қаржыландырылып келген
- авторОймақ
- Бүгін, 11:32
- 30

Сарыағаш медресе-колледжі мемлекет есебінен қаржыландырылып келеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бұл мәліметті Түркістан облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі растады.
Бұл оқу орнында Исламтану, Имам-хатиб, Ұстаз мамандықтары бойынша шәкірттер білім алуда.
– Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, діни сеніміне қарамастан, білім беру ұйымдары мемлекеттік қолдауға, оның ішінде гранттарға үміткер бола алады. Осыған орай, 2018-2024 жылдар аралығында Сарыағаш медресе-колледжіне республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы, 2018-2025 жылдары оқу орнына 900 грант бөлінген, – делінген Басқарма хабарламасында.
Айта кетерлігі, бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған оқу орнына мемлекеттен жыл сайын 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінетіні туралы ақпарат тараған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.