
Қазақстанның ең сұлу волейболшыларының бірі Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында ажырасқанын жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ ол ажырасу себебін де тұспалдап жеткізді Кейінірек ол әйелдің «өмірінде не маңызды, ненің маңызды емес екенін таңдайтынын» баса айтып, жазба жариялады.
«Басқалардың пікірлері өзіңнің пікіріңнен басым түсетін дүниеде – өзіңе адал болу секілді құндылық бар. Бұл жай ғана өз жаныңның мәні ғана емес. Бұл күй өзімшілдік емес, терең махаббат, өзіңе деген құрмет. Ол өзімен-өзі болу үшін рұқсат сұрамайды, мақұлдауды сұрамайды, тартынбайды», – деп жазды Алтынбекова.
Сонымен қатар, волейболшы ару шынайы құндылық басқа адамдардың бағалауымен өлшенбейтінін қоса атап өтті.
Қазақстандықтар Алтынбекованы белсенді түрде қолдап, оның өте сұлу екенін еске жарыса жазуда.
«Өзіңе адал бол», «Ажырасқаныңа қуаныштымын, мен сені сүйемін», «Сұлулықтың тамаша үлгісі!», «Сұлу, бақытты бол», «Бір ғана өмір бар, ол сенікі, тек өз жүрегіңді тыңда, басқалардың пікірі маңызды емес», – деп жазды спортшы арудың қолдаушылары мен желі жазылушылары.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.